Сексен жыл әуелете ән салған Кенен атамның әр туындысының өзіндік тарихы бар - қызы Төрткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ даласының қасиетті мекенінде әр заманда айтулы азаматтар өз өнерімен, шешендігі, батырлығымен ел есінде сақталған. Сондай өңірдің бірі-Қордай өңірі. Халық батырлары Жолбарыс, Мүйізді Өтеген, Малдыбай би, халық композиторы Байсерке, Кебекбай әулие және Ноғайбай шешеннің елі бұл.
