Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуы бізді Болашағы біртұтас ел мақсатына жетелейтін жаңа жетістік болды - А.Баталов (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Айдын Айымбетовтің сәтті ұшуы Қазақстан үшін ғарыш жылнамасының жаңа парақшасын ашты. Біздің жерлесіміз бесінші ғарыш бағдарламасының тәжірибелерін табысты өткізді. Ал оның ғарышқа сапары бізді ұлы мақсат - Болашағы біртұтас ел мақсатына жетелейтін жаңа жетістікке айналды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне облыс әкімі Амандық Баталов.
