ru24.pro
Новости по-русски
Декабрь
2022

Биыл Атырауда 24 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Биыл облыста 24 мыңнан астам жұмыс орны құрылса, оның 15 285-  тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

-«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен 32 404 адам қамтылып, 14 772 адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар қысқа мерзімді оқу курстарына жұмысшы мамандықтары бойынша 877 адам оқытылды. Онлайн «skills» арқылы 1046 адам, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2 559 адам жіберілді. Кәсіптік бағдарлаумен 12 598 адам және өз істерін ашу бағытында 552 адамға мемлекеттік грант берілді,-деді Ж.Бисембиев.

Оның айтуынша, аталған іс-шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі тұрақтап, 4,8 пайызды құраған. Сондай-ақ биыл 6705 адамға 434,4 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сонымен қатар 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1572 балаға 91,7 млн теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар беріліп отыр.