АҚШ-та Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар заттар кеңінен сатылуда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар заттар кеңінен сатылуда. Олардың ішінде боксерлік қолғаптан бастап, Головкиннің қолтаңбасы мен суреті басылған футболкалар, кепкалар, тіпті GGG белгісі бар қазақша шапан да бар.