Қазақстандық инженерлер Еуроодақ елдерінде еркін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның инженерлік білім беру қоғамы (KazSEE) Еуропа ұлттық инженерлік қоғамдары федерациясы (FEANI) Бас Ассамблеясының Лиссабон қаласында өткен кезекті отырысында осы ұйымға толық мүше болып қабылданды. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.