Астанада бірқатар құрылыс компанияларының басшыларына үлескерлердің қаражатын жымқырды деген күдік тағылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық прокуратурасы қылмыстық қудалау органдары тұрғын үй нысандарын салу кезінде азаматтардың қаражатын жымқырғаны үшін күдікті ретінде «ШейхКазИнвест» ЖШС, «АльБаракат Company» ЖШС, «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшыларына қатысты бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатқандығын хабарлайды.