Ұлттық спорт түрлері фестивалінде тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық спорт түрлерінен IV фестиваль аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақ сайысына барлық облыс және екі қаланың командасы қатысты. Сайыс белгіленген тақта бойынша ерлер және әйелдер арасында өтті, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.