ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев өмірден озды

2015 жылдың 12 қазанында 75 жасында белгілі қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев өмірден озған болатын.

Мақсұт Сұлтанұлы 1940 жылы 30 наурызда Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келген. 1958-1959 жж. - Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1963-1966 жж.- Совет армиясының қатарында әскери борышын өтеді.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты (қазір - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) . Заң ғылымдарының докторы (1998), құқықтану профессоры (2001), Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (2001 жылдан бастап). М.Нәрікбаев жоғары класты білікті судья еді.