Биыл қыс қараша айында түседі, ал келер көктем ерте шығады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы 2015-2016 жылдардағы қыс айлары өткен жылмен салыстырғанда көпжылдық мәндерге сәйкес болады, тек қаңтар айы ызғарлы, нормадан 1...2 °С төмен болады деп болжануда, деп хабарланған «Қазгидромет» РМК сайтында.