Қазақстан Ираннан көкөніс пен жеміс-жидек импорттауға дайын - А.Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ираннан түрлі тауарларды, соның ішінде көкөніс пен жеміс-жидек импорттауға дайын. Бұл туралы бүгін Астанада Иран-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.