2016 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына жаңа төраға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алқасында жаңа төраға болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесі отырысы кезінде тілшілерге берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.