Мәжіліс депутаттары Сәкен Жылқайдаровтың мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат Мәжіліс депутаты Сәкен Жылқайдаров дүниеден өтті. Осыған орай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Қабиболла Жақыпов депутаттар атынан марқұмның туған туыстарына көңіл айтып, жиынды бастамас бұрын әріптестері С. Жылқайдаровты бір минут еске алды.