Электр энергетикасы нарығында ұлттық оператор институты енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің электр энергетикасы нарығында Ұлттық оператор институты енгізіледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.