Қазақстанда электр қуаты нарығын енгізу 2019 жылға дейін шегеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда электр қуаты нарығын енгізу 2019 жылға дейін шегеріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.
