Сапасыз тауарларды қайтару мәселесі заңдық деңгейде реттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сапасыз тауарларды қайтару мәселесі заңдық деңгейде реттеледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.