Астанада 80 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанада 83 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін «Астанада білім беру саласында сапалы қызметтің қолжетімділігі бағытындағы ахуал» тақырыбында өткен қоғамдық тыңдауда Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева мәлім етті.