Қазақстан Елшісі Мьянма Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қазанда Нейпьидо қаласында (Мьянма) Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаев Мьянма Одағы Республикасының Президенті Тейн Сейнге Қазақстанның Мьянмадағы Елшісі міндетін қоса атқарушысы ретінде сенім грамоталарын тапсырды.
