ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Біз Қазақстанға әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылу жолында қолдау білдіруге дайынбыз - Ұлыбританияның Орталық Азия жөніндегі министрі Т.Эллвуд

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Қазақстан үшін барынша маңызды сауда-экономикалық әріптестердің бірі екендігі мәлім. Екі елдің арасында барлық деңгейдегі тұрақты сапар алмасуларды қамтамасыз ететін конструктивті сұхбаттастықтың қалыптасқаны да анық жайт. Мұнан бөлек, екі мемлекет те бір-бірін екіжақты сауданы дамыту және инвестиция тарту үшін басымдықты елдердің тізіміне қосқан. Таяуда ғана елімізге сапармен келген Ұлыбританияның Орталық Азия жөніндегі министрі Тобиас Эллвуд ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық-британдық қарым-қатынастың одан әрі дамуына қатысты өз көзқарасымен бөліскен болатын.