Келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлегі емес 8 футболшыны ғана тіркей алады - ҚФФ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Кәсіпқой футбол лигасы Кеңесінің ұсынысы бойынша жиында бірқатар шешімдер қаралды әрі бекітілді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.