Елбасы ЕЭО шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.