Петропавлдың жаңа зауытында бір айдың ішінде 2,5 мың тонна асфальт шығарылды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы жаңа асфальт зауытында бір айда 2,5 мың тонна өнім шығарылды. Зауыт биылғы жылы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының аясында іске қосылған. Жобаның құны - 610 млн. теңге.