Интернет гипертонияға әкелуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Детройттегі Генри Форд ауруханасында жұмыс істейтін АҚШ мамандары бірқатар зерттеу жүргізіп, көп уақытын Интернет желісінде өткізетін жеткіншектер қан қысымы жоғары адамдардың қатарына түсуі мүмкін екендігін анықтады.