Мемлекеттік қызметтен үміткерлер тәртіп бұзған
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да мемлекеттік қызметке талпынушылар тестілеу барысында тәртіпсіздіктерге бой алдырды. 2015 жылдың 9 айының көрсеткіші бойынша облыс аумағында тестілеу кезінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және кадр резервіне тест тапсыруға 2890 үміткер келген.