Украина халқы үшін Қазақстанның халықаралық құқықтағы ұстанымдарға беріктігі зор маңызға ие - П. Порошенко
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина халқы үшін Қазақстанның халықаралық құқықтағы іргелі ұстанымдарға беріктігі зор маңызға ие. Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында осылай деді.