«Әл Баракат Компани» басшысы Тойымбетовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша МКД-нің экономикалық тергеу қызметі "Әл Баракат Компани" ЖШС, "КӨКШЕ-ҚОПА" ЖШС, "СЕЛИГЕР-К" ЖШС, "Астана Ақжар Құрылыс" ТҚК,"Шаңырақ Строй KZ" ШЖС , "АсСем" ЖШС, "Munai Prom Oil" ЖШС, "Балқарағай town" ЖШС, "CONTINENT PETROLEUM COMPANY" ЖШС және "Құрылтай-2014" ТҚК-ның басшысы болып табылатын Тойымбетов Б.Қ-ға қатысты Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағындағы «Құрылтай», «Жайлау», «Apple Town» тұрғын кешендері мен Астана қаласының аумағындағы «Прага», «Шарджа» және «Ақ Жар» тұрғын кешендерін салу кезінде алаяқтық, өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және жұмсап қою фактісімен қылмыстық іс тергелуде.