Қарқынды бағбаншылық жүйесі әр гектардан 60 тоннаға дейін алма алуға мүмкіндік береді (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Amal Bio» компаниясының алма бақтары қарқынды бау-бақша шаруашылығы жүйесі мен заманауи технологияларды қолданудың арқасында бір гектар жерден 60 тоннаға дейін алма береді.