Украина да, Ресей де қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайды - Н.Назарбаев (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина да, Ресей де қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.