Ақмола облысының Оразақ ауылында пайдалануға берілген үйлер саны 46-ға жетті (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Оразақ ауылында пайдалануға берілген үйлердің саны 46 жетіп, әзірге барлығы 92 отбасы пәтерлер иеленді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің өңірге сапары барысында белгілі болды.