ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Мен өз елімді мақтан етемін - М.Пак, БҚО корей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы (ФОТО)

0

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мен еліміздегі патриоттардың басын қосқан «Мәңгілік Ел - болашағы біртұтас ел» форумына қатысқаныма өте қуаныштымын. Корей халқының өкілдері үшін «Мен қазақстандықпын» деген сөз ерекше жақын әрі ыстық. Өйткені корейлер Қазақстанға жер аударылып келгенде, бізді бауырына басып, құшағына алған қазақ халқы болатын. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Дәл осыны Орал қаласында корей диаспорасының қаражатына бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументі айғақтап, барша елге паш етіп тұр. Бұл туралы Астанада өткен ел патриоттарының форумына қатысып қайтқан БҚО корей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Пак мәлім етті.