Қазақстан мен Украинаның атом энергетикасы, ғарыш саласындағы байланыстары басымдыққа ие болуы тиіс - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Украинаның атом энергетикасы, ғарыш салатсындағы байланыстары басымдыққа ие болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Украина Президенті Петр Порошенконың қатысуымен өткен Қазақстан-Украина бизнес-форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.