Қазақстандықтар 2016 жылғы 1 қаңтардан ұялы байланыс операторын өз нөмірін сақтай отырып таңдау мүмкіндігіне ие болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - MNP қызметі Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылады. ҚР Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданған «Ақпараттандыру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына тиісті норма бекітілді, деп хабарлайды ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметінен.