ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

«Мәңгілік Елдің» заңнамалық негізі мақұлданды - Қабиболла Жақыпов

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уақыттан жүйрік ештеңе жоқ, тарих тұрғысынан таразылайтын болсақ,еліміздің қазіргі дамуының әрбір жылы кей сәтте онжылдықтардың жүгін арқалап отырғаны әмбеге аян. Қазақстан Республикасы егемендігін алған кезден бастап өзінің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық даму жолында елеулі табыстарға қол жеткізіп, әлемдік қоғамдастықтың жалпы жұртқа танымал, мойындалған мүшесіне айналды. Дүниежүзі «қазақстандық даму жолы» жөнінде, байыпты прагматизмге негізделіп, мемлекетіміздің ұзақмерзімді ұлттық мүдделері нақты ескерілген ерекше тұжырымдама туралы айта бастады.