Маңғыстауда ауылдық мектеп 17 млн. теңге көлемінде грант иеленді (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұстаздар күнін мерекелеу аясында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев білім және тәрбие беруді ұйымдастыру, жетілдіруде айтарлықтай табыстарға қол жеткізгені үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хаттарын табыстады.