ЕАЭО еркін сауда аймағын Израиль, Үндістан, Мысыр және Иранмен құрудың пайдалылығын зерттеуде - Б.Сағынтаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО еркін сауда аймағын Израиль, Үндістан, Мысыр және Иранмен құрудың пайдалылығын зерттеуде. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Еуразиялық экономикалық перспектива» атты халықаралық форум барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.