Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2018 жылы 26 пайызға артады - С. Жақыпова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан 26 пайызға артады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.