ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Астанада балаларға арналған «Қаңбақ шал» операсы қойылды

Астана қаласындағы Мемлекеттік академиялық филормонияның жанындағы Балалар филормониясы қазақ ертегісінің желісінде жазылған Жолан Дастеновтың "Қаңбақ шал" операсын балаларға ұсынды. Басты мақсат - жасөспірімдерді рухани азық беру, қазақ ертегілері мен фольклорын насихаттау дейді шараны ұйымдастырушылар.
Автордың осынау туындысы сонау 1979 жылы Абай атындағы опера және балет театрында алғаш рет қойылған болатын. Кейін сексенінші жылдардың басында еліміздің өзге де аймақтарындағы балалар осынау қызықты қойылымды тамашалай алды.

















Мәтін: baq.kz