Жамбыл облысының Масанчи ауылында қытайлық Шэньси провинциясының денсаулық сақтау департаменті аурухана салады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Дүнгендер тығыз тұратын Қордай ауданының ауылдарында бала туудың жоғары көрсеткіші «Ана мен бала орталығын» салу қажеттілігін туғызды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне «Қазақстан дүнгендері қауымдастығын» басқарып отырған «Жаңа Жібек жолы» Халықаралық академиясы» ҚҚ-ның президенті Хусей Дауров хабарлады.