Өмірәлі Нышан Сочиде өткен Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы атанды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өмірәлі Нышан Ресейде өткен аяқ-қолдары кембағал және арбаға таңылған жандардың Халықаралық федерациясы өткізген Бүкіләлемдік ойындарында үздік шықты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ойындар 26 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Сочи қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 40 мемлекетінен 550-ден астам саңылақ қатысып, бақ сынады.