Қатерлі ісікпен күресуге 2 млн. доллар бөлген А.Мырзабаев ғылымды қаржыландыруды мақсат етуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатерлі ісік ауруларымен күресу мақсатындағы зерттеулерге 2 млн. АҚШ долларын бөлген 25 жастағы қазақстандық бағдарламашы Асхат Мырзабаев болашақта ғылымды одан әрі қаржыландыруды мақсат тұтып отыр. Бұл туралы ол бүгін Астанада өткен Қазақстанның патриоттар форумында мәлім етті.