Оралда мас күйінде автокөлігімен жүкті келіншекті қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 4 қазан күні сағат 16.34-те П.Бокаушин LIFAN автокөлігімен Оралдағы Ғ.Құрманғалиев көшесі бойында 71-үйге қарсы реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 1988 жылғы А.Марченконы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасаламақ болған.