ШЫҰ аясында жүк тасымалының 6 бағыты ашылып, оның 4-уі Қазақстан арқылы өтеді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан арасында алты халықаралық жүк тасымалы дәлізі ашылып, оның төртеуі Қазақстанның аумағынан өтеді. Бұл туралы бүгін Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.