Астана тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК 2-бөлімі 256-ші және 174-баптары бойынша айыпталып отырған Б.С.Берехановқа қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.