Футзал: Қос бірдей қазақстандық команда УЕФА Кубогының элиталық раундына іріктеусіз жолдама алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футзалдан УЕФА Кубогының элиталық раундына жолдама алған командалар белгілі болды. Бұл туралы бүгін «Қайрат» мини-футбол клубының баспасөз қызметінен хабарлады.