Астана әуежайының жаңа терминалы жылына 7 млн. жолаушы қабылдай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы салынып біткен соң, әуежай жылына жеті миллион жолаушы қабылдай алады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып, «Airport Management Group» компаниясы хабарлады.