Оралда Қаршыға Ахмедияровтың құрметіне концерт қойылды (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы ғимаратының залында күйші-композитор, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың құрметіне шәкірті, Х халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Досым Мақсотов «Ұстазға» деген концертін қойды.