ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Астана мен Алматының базарлары 2018 жылдан бастап заманауи әмбебап базар ретінде қызмет етеді

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Алматының базарлары заманауи әмбебап базар ретінде 2018 жылдан бастап қызмет ете бастайды. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында мәлім болды. Жиында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сауда қызметін реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.