Қазақстанның Еуропа көлік қызметі нарығындағы үлесі 5 пайызға артады - Ә. Исекешев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Хаттамаға 2014 жылдың 7 қарашасында Астана қаласында қол қойылған.