ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Қазақстандық депутаттар Страсбургте өтіп жатқан ЕКПА сессиясына қатысты

0

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаров пен Мәжіліс депутаты Қанат Саудабаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Страсбургте өтіп жатқан жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысты. Шараның күн тәртібіне Еуропадағы көші-қон шиеленісінің саяси және гуманитарлық салалардағы, транзиттік мемлекеттердің проблемалары, сондай-ақ еуропалық елдерде баспана берудің пәрменді жүйесін қалыптастыруға байланысты мәселелер енгізілді.