Бекболат Тілеухан: Ел ертеңі жастар
Кездесу Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.
Кеште Бекболат ағамыз жастарға ағалық ақылын айтып, өмірден көргені мен түйгенімен бөлісті. Қазіргі қоғамда белең алып жатқан мәселелерге тоқтала келе, тәуелсіздіктің қадірін білуге шақырды.
Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастарға арнап бір-екі әнін де шырқап берді.
Университет ректоры Жапарова Гулжамал Әлкенқызы Бекболат ағамызға алғысын айтып, қазақи салттан аспай қонағына шапан жауып шығарып салды.