Түпкілікті нәтижеге қол жеткізбеген бюджеттік бағдарлама басшысының тәртіптік жауапкершілігі болады - Е. Досаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамсын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 39, 65, 67 қадамдарын іске асыруға бағытталады.